Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздар жылады": Сәкен Майғазиев мектеп бітіру кешін есіне алды

Сәкен Майғазиев мектеп бітіру кешін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің мектепте қандай оқушы болғаны есінде жоқ. Өнер иесі тек мектеппен қоштасар сәтін ұмытпапты. Әнші мектеп бітіру кешін есіне алып, үлкен өмірге аяқ басар алдында қалай көңіл көтергендерін айтты. Қазір өнер иесі студент, оқушы болған кездерін сағынып жүрген көрінеді.

"Мектептегі кешіміз өзіміздің мәдениет сарайымызда өтті. Клуб деп айтатынбыз ол кезде. Қыздар жылады, біз жұбаттық. Қимастық сезім болады. Бірақ таулар алыстаған сайын биік көрінеді", - дейді өнер иесі.

Қимастық сезім күннен-күнге өсіп келе жатқанын да айтты ол. Ауылдағы мәдениет сарайында мектеппен қоштасу кешін өткізген өнер иесі әр уақыттың қадірін білу керек екенін ұғындырған.

"Уақыт өте келе мектеп кездерді, студенттік шағымызды сағынамыз. Ол кезде сағыныш сезімі болатынын біген жоқпыз. Қазір сезініп жатырмыз. Сол әдемі, ауылдағы мектеп бітіру кеші болды", - дейді Сәкен Майғазиев.

Талқылау