Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Назарбаев елге кіргізуге рұқсат еткен": Әмина апа никаб киетін қыз-келіншектерге шүйлікті

Әмина апа

Фото: Видеодан скриншот

“Перзент” балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді дінге үгіттемейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында кеңінен сыр шертісіп, алдағы жоспарларын да бөлісті. 

”Күштеп орамал таққызбаймын. Бірақ өздері таққанды жақсы көреді. Қыздар 13 жасқа толған жоқ. Сондықтан намазға рұқсат бермеймін. Қазір намаз оқымайды. Ал ұлдардың барлығы оқиды. Жасқа қарамай оқи береді. Ешқандай дінге мәжбүрлемеймін. Мысалы, моншадан шыққанда бәрі шаштарын жайып жүреді. Шаш кебу керек қой, әйтпесе биттеп кетеді ғой”, – дейді ол.


  • "Ай сайын төленетін 300 мың теңгені қысылмай алып келген": Қарағандылық отбасы асырап алған балаларын құлдыққа жеккен

  • "Жоқ пәтердің кілтін табыстаған": Жетісу облысының әкімі тәрбиешіге берілген үйге қатысты даудың неден басталғанын түсіндірді


Сондай-ақ қара жамылып жүретіндерге қатысты да пікір білдірді. 

“Бір күні егістіктен келе жатып, мешітке кірдім. Әйелдердің әжетханасын тексерейін деп кіргенмін, негізі. 5-6 әйел қара жамылып жүр екен. Тек көзі ғана көрінеді. Содан жинап алып ұрыстым. Солардың бірі ұйғыр, тәжік, өзбек емес, тек қазақтар. “Екінші рет келетін болсаңдар, аяқтарыңды сындырамын. Сендердің арттарыңда комитет жүреді” дедім. Кезінде Назарбаев осындайларды кіргізгенде қарсы шыққан едім. Содан мені ол кісі жек көріп кетті. Одан кейін шетелге бала сатқанын да бетіне бастым. Жетімдер үйіне көмектескен емес. Менің тілім ащы емес пе, тиісіп қалдым. Кейін өз қыздарым ренжіп, үндемеші деп жалынды”, – деді Әмина апа. 

Еске салайық, балалар үйінің иесі 8 баласы бар еркекке тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Бұған дейін ұйғыр ұлтының өкілі, Әмина апа 34 тастанды баланы тәрбиелеп, жекеменшік жетімдер үйін ашқанын айтқан едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 30 Мамыр, 2025 13:28
Талқылау