"Қыздар 30 метрден 70 метрге дейін хат жазатын": Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрын Қайрат Нұртасқа келген сыйлықтарды көрсетті
Отандық продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова отбасылық фотоларын жариялады. Арасында ұлына келген түрлі сыйлықтарды да көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Айтуынша, әлі офистерінде том-том естелік сыйлықтар бар екен.
“Қайраттың 15 жыл бұрынғы жанкүйерінің естелігі. Осындай керемет көрме болады деп ойлады ма екен?! Қыздар 30 метрден 70 метрге дейін хаттар жазатын. Бұл жартысы ғана. Қалғандары офисте тұр. Альбом көп еді. Барлығы – қыздардың сыйлағаны. Сырымды ұмытпаған боларсыздар?! Қайратқа қосып сахнаға бірге шығарып едім. Бақыт Алтай деген әншімен бірге “Ойлама” деген ән жазып, Дубайға клип түсіруге бардық. Ол да тарих болып қалды. Өзбекстанға әнсапармен барғанда сол кезде “Фатима мен Зухра” киносы қатты танымал болып жатыр еді. Сол кинодағы актрисамен де фотоға түскен едік. Сіздерде де ескі сурет көп шығар?! Қазір ұялы телефонымыз толып қалады ғой, фотоларды шығаруға да уақыт жоқ”, – деп жазды продюсер.
-
"Сау әйелден саналы ұрпақ туады": Фариза Төреәлі ер адамдарға ақыл айтты
-
"Кофе ішу үшін шетелге барып келемін": Дина Төреәлі ертегідей өмірін айтып мақтанды
Сонымен қатар, продюсер базарда тұрған сәтін де есіне алды. Айтуынша, жас отбасы кезінде жайма базарда түрлі зат сатқан көрінеді.
“Баяғыда мұздыаяқ болып, кешке дейін базарда тұратын едік. Ол аздай үйге келіп, бала-шағаның тамағын жасаушы едік. Не деген энергия?! Кейде базарға барғанда оқырмандарым танып, фотоға түсіп жатады. Жоқ дей алмаймын. Өйткені өзіміз де осы базарда тұрып, талай дүние сатқан едім. Адам жақсыға тез үйренеді екен. Сол шақтарымды ойласам, түс сияқты”, – деп есіне алды Гүлзира Үсенқызы.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова кенже келініне ыстық нан жаптырып, сынға қалғанын жазған едік.