Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз жігітін құлдыққа сатып, Таиландқа демалуға кеткен

Қыз жігітін құлдыққа сатып, Таиландқа демалуға кеткен

Фото: Xiaohongshu

Қытайлық қыз жігітін құлдыққа сатып, Таиландқа демалуға кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі thaiger.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл ақпанда Қытайдың Гуандун провинциясындағы Чжаньцзян қаласынан 19 жастағы жігіт пен оның 17 жастағы сүйіктісі Бангкокқа жолға шыққан. Белгілі болғандай, олар бильярд залында танысқан. Қыз өзінің ата-анасы табысты инвесторлар екенін, Мьянмада отбасылық бизнесі барын айтып, жігітке жұмыс ұсынған.


Қазақстандық қыз Камбоджада қонақүйде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады


Жәбірленушінің туыстары оның сүйіктісімен бірге жүргенін білмеген. Алайда әлеуметтік желілер арқылы оның Таиланд пен Мьянма шекарасында жүргенін анықтайды. Дәл сол жерде қыз жігітін 100 мың юаньға құлдыққа сатып жіберген. Сонымен қатар ол жігіттің төлқұжаты мен телефонын да алып кеткен.

Жігіт төрт ай бойы тұтқында болған. Оны соққыға жығып, шашын тақырлап алып, тамақ бермей, күніне 16-20 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлеген көрінеді. Ақыры жігіттің отбасы 350 мың юань беріп, жігітті құтқарып алған.

Маусым айында жәбірленуші үйіне оралған. Осы уақыт ішінде ол 10 келіден астам салмақ тастаған және есту қабілеті нашарлаған. Ал күдікті қыз Таиландтағы демалыстан Қытайға оралған соң қамауға алынған. Оған алаяқтық және адам саудасы баптары бойынша айып тағылып отыр.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 20:16
Талқылау