Қыз сүйісу кезінде жігітінің тілін тістеп, жұлып алған
Фото: kaktus.media
Қырғызстанда бір қыз сүйісу кезінде жігіттің тілін тістеп, жұлып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Қырғызстанның Манас қаласында 8 қараша күні болған.
“Жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ерінінің бір бөлігі жұлынып кеткен. Науқасқа ота жасалып, зақымданған жерлер тігіліп шықты. Қазір ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Тіл қайта қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде болады, бірақ сүйісу кезінде болуы менің тәжірибемде алғаш болып отыр”, – деді Жалал-Абад облыстық ауруханасының директоры Құмар Ботокараев.
Манас аудандық полиция бөлімі оқиға бойынша сот-медициналық сараптамаларды тағайындады, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
“Тергеу барысында анықталғандай, 1999 жылы туған жігіт 2006 жылы туған қызбен кездескен. Оқиға күні олар бірге достарының тойында болып, алкогольдік ішімдіктер ішкен. Сүйісу кезінде қыз жігіттің төменгі ерінін және тілін тістеп алған.Екеуінің де ақыл-есі дұрыс екені және психикалық ауытқулары жоқтығы анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі