Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз ғана түсікке барады": Баян Алагөзова аналарды кінәлады

Баян Алагөзова аналарды кінәлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қазақ қыздарының еріксіз әрекетке барып, аборт жасататынына ұл баланың анасын кінәлады. Баласына дұрыс тәрбие бермей, оған қызды сыйлау керек екенін үйретпей, айтқанын істеп, жаман үйретеді дейді ол. 

"Бізде ұлдарға бәрі болады. Ал қыз сол үшін жауапқа тартылады. Тек қыз бала байқұс абортқа барып, денсаулығына зиян келтіреді. Ал ұлдары бар аналар қызды сыйла деп айтпайды. Өзіңнің және қыздың денсаулығын ойла демейді", - дейді Баян Алагөзова. 

Алайда, барлық кінәні қыз балаға артып, ұлдан жақсы адам жоқ деп санаймыз. Еліміз түсік жасату бойынша алдыға шығып келе жатса, бұған да кінәлі өзіміз дейді Баян Алагөзова. 

"Бізде бұл жабық тақырып. Біз баланы жасанды жолмен алдыртудан әлем бойынша үштікке жетіп қалдық. Міне ең қорқынышты статистика", - дейді Баян Алагөзова. 

Талқылау