Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық Xpeng электромобиль өндірушісі алғашқы ұшатын көлігін 2026 жылы шығаруды жоспарлап отыр

Xpeng компаниясының филиалы Xpeng AeroHT ұшатын көлігін 2026 жылы тұтынушыларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CNBC

Өткен жылы Xpeng AeroHT ұшатын екі орындық электрлік жолаушылар ұшағы бар үлкен жүк көлігі Land Aircraft Carrier-ді көрсеткен еді. Ұшатын көлік жүргізушінің өзі басқаратын тәуелсіз көлікке айналады.

Xpeng компаниясының тең президенті Брайан Гу көлікке осы жылы алдын ала тапсырыс беруге болатынын, компания оны 2026 жылы жеткізетінін айтты. 

"Жақында іске қосатынымызға сенімді болу себебіміз, біз оны қалалық жерлерде емес, көрікті ауылдарда пайдаланғымыз келеді. Біз көлікпен бірге ұшатын адамдардың еш қиындықсыз, ұшудан ләззат алғанын қалаймыз", – деді Брайан Гу.



Айта кетейік, бұған дейін Қытай Қазақстанда электромобильдер шығаруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. Қытай Сыртқы істер министрі Ван И-мен Астанада өткен кездесу кезінде Мұрат Нұртілеу қазақстандық тараптың қытайлық компанияларды сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақыратынын атап өтті. Тағы бір перспективалы бағыт цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект болуы мүмкін екені де атап өтілді.

Талқылау