Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел омырауға салынған силиконның арқасында 22 рет сұғылған пышақтан аман қалған

Фото: Handout

Қытайдың оңтүстік-шығысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оның кеуде тұсына 22 рет пышақ сұққан. Бір қызығы әйел омырауға салынған силиконның арқасында аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 22 мамырда Ханчжоу қаласындағы сауда орталығының автотұрағында болған. 30 жастағы әйел көлігіне мініп жатқанда, бейтаныс ер адам алдыңғы орындыққа отырып, пышақпен қорқытқан. Сосын өзін Тунсян қаласына апаруын және ақша аударуын талап еткен.

Әйел айқайлап көмек сұрағанымен, ешкім үн қатпаған. Көлік Тунсянға қарай бет алған. Жолда қаскөй басқа жаққа мойын бұрған кезде әйел жігітіне хабарлама жіберіп үлгерген. Жігіті оның тұрған жерін анықтап, полиция шақырған. Полиция жеткен кезде ер адам әйелге пышақпен шабуылдап, артынша өзіне қол жұмсаған. Ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал әйел көптеген жарақатына қарамастан тірі қалған.



Жәбірленуші мен дәрігерлердің айтуынша, жалпы 22 пышақ жарақаты болған. Өлімге әкелуі мүмкін соққылардың көп бөлігін омырауға салынған силикон импланттары тосып қалған. Тек бір ғана пышақ өкпеге тиген.

Қазір әйелдің жағдайы бірқалыпты, ол оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 1998 және 2025 жылдардағы ұшақ апаттарынан аман қалғандар бір орында отырғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 18:28
Талқылау