Қытайда есірткіні табу үшін тиіндер қолданылады (видео)
Қытайда есірткі іздеумен тиіндер айналысады. Мамандардың айтуынша, олар тыйым салынған заттарды иттер сияқты жақсы анықтайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Тиіндер иттерге қарағанда кішкентай болғандықтан, шағын жерлерге, бұрыштарға кіріп кете алады, яғни іздеуге ыңғайлы.
Олар есірткіні анықтаған кезде тырналайды.
Жаттықтырушылар тиіндерді үйрету үшін көп жұмыс істеді. Олардың айтуынша, кеміргіштердің иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.
Тиіндер қоғамдық қажеттіліктер үшін қолданылатын алғашқы кеміргіштер емес. Он жылдан астам уақыт бойы егеуқұйрықтар бомбаларды іздеу және залалсыздандыру үшін қолданылып келеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген