Қытайда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауап берді
Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары арасында қазақстандықтар болмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ұшақтың жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі шыққан жоқ.
Апаттан кейін басталған орман өрті сөндірілді. Ұшақ апатынан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және Қытай халқына көңіл айтты.
Желіде Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнерінің құлаған сәті түсірілген видео пайда болды. Кадрларда ұшаққа ұқсайтын нысанның жылдам төмен ұшып бара жатқаны көрінеді. Ұшақтың тігінен құлап бара жатқанын көруге болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”