Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда енді туристердің смартфондары тексерістен өткізіледі

Қытай полициясы 1 шілдеден бастап елге келетін туристерге электронды құрылғыларды кездейсоқ тексеруді енгізгелі жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels

Бұл жаңа ережелер құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін кеңейтіп, туристердің смартфондарындағы мәтіндік хабарламаларды, электронды хаттарды және бейнероликтерді талдауға мүмкіндік береді.

Мұндай шара жеке өмірге қатысты сұрақтарды тудырады және қауіпсіздік пен жеке құқықтар арасындағы тепе-теңдік туралы пікірталас тудырады.

CNA ақпаратына сәйкес, полиция күдікті туристер туралы ақпаратты анықтау үшін тінту жүргізіп, тергеу жүргізе алады. Бұл шараларды енгізудегі мақсат – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаңа ережелер Қытайдың туризм индустриясы үшін маңызды рөл атқармақ.

Осылайша кейбір шетелдіктер жеке құпиялық пен деректер қауіпсіздігіне байланысты бұл елге келуді тоқтатуы мүмкін.

Еске салайық, Венеция қаласына кіру туристер үшін енді ақылы болатыны туралы жазған едік. Жаңа ереже 26 сәуір күні күшіне енді. Билет құны 5 еуро, яғни 2 жарым теңгеге жуық. Бұл талапты орындамаған адамдар 50 еуродан 300 еуроға дейін айыппұл төлейді. Бірақ жаңашылдыққа тұрғындар қарсы шықты. Айтуларынша, бұл қала имиджіне кері әсерін тигізеді.

Талқылау