Қытай өз экономикасын түбегейлі өзгертпекші
Қытай көгалдандыру арқылы өз экономикасын түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2060 жылға қарай Қытай баламалы энергия көздеріне көшу, сондай-ақ табиғи көміртегі сіңіргіштерін, мысалы, ормандарды пайдалану арқылы атмосфераға көмірқышқыл газының нөлдік шығарындыларына қол жеткізбекші.
Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі ең халқы көп ел ретінде энергия ресурстарының негізгі тұтынушысы болып табылады. Атмосфераға көмірқышқыл газы ең көп бөлетін де осы - ел. Бейжің 2060 жылға қарай зиянды нөлге дейін төмендету мақсатын қыркүйек айының соңында жариялады. Сол кезде ҚХР таяудағы бес жылда "жасыл технологияларға" арналған шығыстарды ұлғайтатыны белгілі болды.
- Қытай билігі Шыңжаңдағы саяси лагерьлерге қатысты саясатын өзгертпейтін болды
- "Қорғас" шекара аймағы сауда министрлігінің қарамағына өтеді
- Димаш "Қытай дауысы" жобасына қатысқан қазақ қызына тәнті болды
Енді Қытай баламалы энергия көздеріне көшуден басқа, көміртекті кәдеге жарату және сақтау идеяларын дамытумен, сондай-ақ көгалдандырумен белсенді түрде айналысатынын хабарлады. Соңғы бірнеше жылда Қытайда табиғатқа бағытталған шешімдер тұжырымдамасы маңызға ие. Оның көмегімен ел билігі бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру үшін өсімдіктер мен сулы-батпақты жерлерді белсенді түрде жандандыруда. Енді олар көміртегі шығарындыларын табиғи залалсыздандыру үшін тұжырымдаманы қолданғысы келеді.
Қытай билігі орман екпелерін қоса алғанда, елдің барлық шығарындыларының үштен бірін нөлге дейін азайтуға болады деп отыр. Алайда сарапшылар Қытай бұл мақсатына жете бермейтінін айтады. Олар Қытайдағы 40 жылдық көгалдандыру науқанының нәтижелерін еске салды. Оның аясында билік моно тәрізді ормандар отырғызған. Зерттеушілер Қытайда құрылған және ағаштардың бір түрінен тұратын ормандар көп түрлілерге қарағанда көмірқышқыл газын сіңіруде тиімсіз екенін анықтады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
