Димаш "Қытай дауысы" жобасына қатысқан қазақ қызына тәнті болды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Қытай дауысы" жобасында қазақ қызының өнерін тамашалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоба қатысушысы Мадина Думан Димаш Құдайбергеновтің "Ұмытылмас күн" әнін орындады.
"Бүгін Мәдина Думан қарындасымыздың керемет дауысын естідім. "Қытай дауысы" жобасының тәлімгері Ли Цзянь мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Мен I am singer жобасында ауырып қалғаным есіңізде шығар, маэстро Ли де жобаның мүшесі ретінде маған қалпына келтіру үшін сирек кездесетін дәрі-дәрмектерді алып келді", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Димаш әнші қызға сәттілік тіледі.
"Шын жүректен Мадинаға менің әнімді өте әдемі орындағаны үшін алғыс айтқым келеді. Әнді кез келген жерде айта беріңіз. Мұндай керемет әншінің бұл әнді айтқаны мен үшін үлкен бақыт. Сәттілік, Мадина. Үлкен атақты болатындығыңызға сенемін. Арманыңызға қадам басыңыз", - деп қосты Димаш.
Әншінің жанкүйерлері Мадинаны қолдап, Димаштың жас таланттарды қолдайтынына қуанды.
"Жұлдыздарға қолдау жасайтыныңа рахмет", "Бүкіл әлем сіздің әндеріңізді шырқасын", - деп жазады олар.
Бұған дейін Димаш Құдайбергенов Қазақ тіліндегі клипін MTV USA-да көрсеткен Қазақстанның алғашқы әртісі болды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
