Қытай коронавирусты жеңген Ухань қаласын карантиннен ашатын болды
Қытайда коронавирус індетін жеңген Ухань қаласы ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС Хубэй провинциясы Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Хубэй провинциясына кіру және шығу шектеулері 25 наурызда жойылады, ал Уханьнан басқа қалаларды 8 сәуірде ашады. Бұл қала 22 қаңтарда карантинге жабылған еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусқа байланысты қайтыс болғандар саны 16 653-ке жетті, жұқтырғандардың жалпы саны 382 мыңды құрады, оның ішінде 102 мың адам сауыққан.
Жаңа үлгідегі коронавирус тудырған COVID-19 арқылы алғаш рет 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Уханада тіркелді. Оның белгілері-жоғары температура, тез шаршау және жөтел. Қытайдан басқа, әлемнің 100-ден астам елінде ауырғандар анықталды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ