Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Қазақстаннан құс етін әкелуге салынған тыйымды 19 жылдан кейін алып тастады

7 ақпаннан бастап Қытай 2005 жылдан бері Қазақстаннан құс етін импорттауға тыйым салуды және екі жылдан бері аусыл ауруына қойылған шектеуді алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gastronomiavasca.net

Елімізге құс етін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді. Ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. 

"Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.



Тыйым салуды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. 2023 жылы Қытай тарапы Қазақстандағы құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіп-қатерді бағалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға экспортқа бағытталған кәсіпорындардың тізімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Бұл шара қазақстандық агробизнес үшін Қытай нарығына өз өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы жиырма пайыз өсетіні айтылған еді. 

Талқылау