AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

Қытайдың бес аймағында коронавирусқа қарсы екпені үш жастан бастап салуға шешім қабылданды. Билік органдарды жақын арада вакциналау шараларының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews.com.порталына сілтеме жасап. 

Қытайда балаларға үш жастан бастап екпе салуға шешім қабылданды. Себебі, балалар үш жастан бастап балабақшаларға бара бастайды. Инфекцияның күшейіп кетпеуі үшін осындай шаралар қабылданып отыр. 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қытайда халықтың 76 процентіне вакцина салынған.

Алайда ел билігі бұл көрсеткіш коронавирусты толығымен жеңуге жеткіліксіз деп санайды. Қытайда 1,4 миллиард тұрғын бар. Осы уақытқа дейін 1,07 миллиарды коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтті. 

Алдағы уақытта үш жасқа толған балаларға Қытайдың өзінде жасалған Sinopharm және Sinovac салынады. Бұл екпелер бүлдіршіндерге де егуге арналған. Алайда бұған дейін он екі жасқа толған балаларға және ересек адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынып келген. Қытай билігі қатаң шаралардың арқасында ғана өңірлерде өршитін коронавирусты тоқтатуға болады деп санайды.

Сондай-ақ, Қытай шетелдіктер салдарынан "дельта" штамының таралуына алаңдап отыр. Осыған байланысты саяхатшылар арасында кеңінен танымал провинциялардың бірінде туристік нысандардың бәрін жабуға шешім қабылданған.

Ал кейбір аудандарында тұратын адамдарға далаға шығуға тыйым салынды. Себебі осы аймақта коронавирус инфекциясы өршіп тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр