Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай басшысы Си Цзиньпин шахтадағы апатқа байланысты Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Қазақстан халқына және президентіне көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Reuters

Көңіл айту жеделхатының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.

Сондай-ақ, Тоқаевқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты.

Талқылау