Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Африкада әскери база салуды жоспарлап отыр. АҚШ алаңдаушылық танытты

АҚШ барлау қызметі Қытайдың Экваторлық Гвинеядағы Атлант мұхитында әскери-теңіз базасын салуға ниет білдіріп отырғанын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

китай армия

АҚШ барлау қызметкерлері Қытай төрағасы Си Цзиньпин Батыс Африка президенті Теодоро Обианг Нгуэму Мбасогоны Бата қаласындағы портты кеңейтуге және оны әскери базаға айналдыруға рұқсат беруге көндіруге үміттенеді деп санайды.

АҚШ барлау қызметінің болжамына сәйкес, Қытай Бата қаласында әскери-теңіз базасын салуы мүмкін. Жаңа база салу арқылы Қытай Экваторлық Гвинеядағы қорын толықтыра алады және бұл Пентагонның алаңдаушылығын туғызады.

Егер Қытай Бата портын әскери базаға айналдырса, ол Бейжіңге АҚШ-тың шығыс жағалауындағы су айдындарында өзінің әскери кемелері мен басқа да әскери-теңіз техникаларын жөндеуге және қайта қаруландыруға мүмкіндік береді.



"Теңіз қауіпсіздігі мәселелерін шешуге арналған дипломатияның бір бөлігі ретінде біз Экваторлық Гвинеяға Қытайдың осы елдегі қызметіне қатысты кейбір ықтимал қадамдар ұлттық қауіпсіздік мәселелерін көтеретінін түсіндірдік", - деп мәлімдеді Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері The Wall Street Journal басылымына.

Басылымның мәліметінше, Қытайдың 2017 жылы Шығыс Африкада ашқан бір ғана шетелдік әскери базасы бар. Ол Африка құрлығының арғы жағында орналасқан және Аден шығанағының суына шығады.

Қытай үкіметінің мәліметінше, елдің мемлекеттік компаниялары соңғы жиырма жылда Африка жерінде 100 коммерциялық порт салған. Африканың солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Мавританиядағы америкалық дипломаттар жергілікті билікке Пекиннің Қытай салған портты әскери мақсатта пайдалану әрекетінен бас тартуға кеңес берді. 

Бұған дейін Қытай Үндістанмен шекарада әскери қалашықтар салған болатын.

Талқылау