Қысқарған сөздерге жалғау қалай жалғанады?
Қазіргі таңда жазу кезінде адамдардың көпшілігі жіберетін қателердің бірі қысқарған сөздерге жалғаудың жалғануына байланысты. Мұны қысқарған сөздердің емлесі тақырыбында талқылайтын боламыз.
Қысқарған сөздердің не екенін білу үшін осыған дейінгі материалымызды оқи отырыңыз.
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді.
Мысалы: ҒТР – Ғылыми-техникалық революция, БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып қолдануын қысқарған сөздер дейді. Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен кыскартылады.
1. Күрделі атау құрамыңдағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: ҚМДБ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы т.б.
Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Жалғанатын қосымша қысқарған сөзге байланысты жалғанады.
Мысалы: АКШ-тың (Америка Құрама Штаттарының), АҚШ-ның емес.
2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады.
Осы тұста ескере кететін бір жайт, адамдардың қосымшаны «ҚазҰУ-ға» емес, «ҚазҰУ-не» деп жалғауы. Неліктен ол қосымшаны жалғады деген орынды сұрақ туады. Себебі қысқарған сөзді ашып оқыса, «Қазақ ұлттық университеті» болады. Адамдардың ойына бірден соңғы сөз «университеті», демек «университеті+не» деп жалғау келеді. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, қысқарған сөздің өзіне тікелей жалғаймыз.
Бұндай қысқарған сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады.
3. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің бірінші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады. Бұндай қысқарған сөздер кіші әріппен жазылады да, қосымша әдеттегі сөздей (дефис арқылы емес) жалғанады, яғни қосылып жазылады.
Мысалы: обкомға (облыстық комитетке) барды, ауаткомда (аудандық атқару комитетінде) болды, педучилищеге (педагогтік училищеге) түсті, медпункттің (медициналық пункттің) алдында т. б.
4. ГАЗ-51, ТУ-154, Ил-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (самолет, машина, трактор т. б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұңдай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ТУ-154-пен ұшып келді.
5. Әр түрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм), т (тонна), га (гектар), ц (центнер), т. б. (тағы басқа), тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.Қазіргі таңда жазу кезінде адамдардың көпшілігі жіберетін қателердің бірі – қысқарған сөздер емлесі. Яғни, қысқарған сөздерге жалғаудың дұрыс жалғанбауы.
Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
