Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай қыздарға тиісіп, қойманың жанына шақырған": Шымкент тұрғындарын "педофил" туралы ақпарат алаңдатуда

Шымкентте 29 қыркүйекте кешкі уақытта ересек азамат кішкентай қыздарға тиісіп, азғындық жасамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша, ол балаларды ақша беріп алдап, содан кейін тиісе бастаған. Бүлдіршін айқайлап, елдің назарын аударған кезде ғана ер адам қашып кеткен. Шымкенттіктер оқиға жайында топтарда және әлеуметтік желілерде таратуда.

"Балаларды кешке жалғыз сыртқа шығармаңыздар. 1 мамыр көшесінің маңындағы №16 үйдің ауласында 7-8 жас аралығындағы кішкентай қыздарға педофил азғындық жасамақ болған. Қолдарына тиын беріп, алдаған. Шалбарын шешіп, қыздарға тисуге тырысқан. Қойманың артына қарай шақырған", – деп жазған Лидер.кз еріктілері парақшасында. 

Тұрғындардың сипаттауынша, ол – 35-40 жастағы азиялық келбетті ер адам. Қара көк толстовка киген. Жергілікті тұрғын Людмила айтуынша, оны полиция іздеп жатыр. 1 мамырда көшесіндегі аулада орнатылған камералар іздеуді жеңілдетуі мүмкін еді. Бірақ олар бүкіл ауланы түсірмейтін көрінеді. 

"Полиция осы жерде орналасқан камералар мен оқиға болған жердегі үйдің жанында орнатылған камералардың бәрі басқа жаққа бұрылып тұр деп айтты. Зардап шеккен қыздың анасы кеше аудандық ішкі істер бөліміне барып, үш сағатын өткізді. Осы камералардың кадрларын қараған екен, бірақ олар ешкімді түсірмеген", – деді Людмила.

Тұрғын мұндай оқыс оқиғаларды түсірмейтін камералардың не үшін қажет екеніне таңғалды. 

Талқылау