Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кіші Талдыкөл көлдері элиталық коттедждер құрылысы үшін құрғатылып жатыр

Елордалық экологтар Кіші Талдыкөлдегі көлдер тобының ахуалын айтып, дабыл қағуда. Қазіргі уақытта сулы-батпақты алқаптардың аумағында көп функционалды туристік аймақ салынуда, соның ішінде элиталық коттедждер қалашығы болады деп жоспарлануда. Туристік аймақ су айдының құрғауы есебінен салынып жатыр. Табиғат қорғаушылар бұл әдісті агрессивті деп санайды және биологиялық әртүрліліктің жойылып жатқанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметі.

Видео кадрлары, Туристік аймақ құрылысы

Соңғы екі жылда Кіші Талдыкөл көлдер жүйесінің ауданы айтарлықтай қысқарды. Батпақты жерлер тіпті мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Биоәртүрлілік бойынша маман Руслан Уразалиев балықтар мен құстар қырылады деп алаңдайды. Сөзінше, су қоймасын құрғату және оны игеру нағыз экологиялық апатқа айналады.

“Онда 333 гектар бар. Бұл бөлік барлық көлдердің жартысы. Жоспар бойынша ол "Элингкон" көп функционалды туристік аймағын дамытуға берілген. Аймақты көлдер қоқысқа толтырып салып жатыр. 

Экология министрлігі позициясын айқындау қажет. Олар бұл процеске қосылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды кешенді бағалауды жүргізуі керек”, – дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері.



Қорғаушылар суды айдау процесін видеоға түсіргенімен, оны кім істеп жатқанын біле алмады. Көлдегі су деңгейі бір жылдың ішінде екі есеге төмендеді. Қоғам белсенділері бірнеше рет сотқа жүгінген. Алайда Экология министрлігі Су ресурстары комитетіне қарасты инспекция мамандары құрылыс салушыларға ешқандай шара қолдана алмай отыр.

“Біз ол жерге бардық, расында су қоймасы бар екен, оны толтыру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ біз әкімшілік шара қолдана алмадық. Ешқандай келісім болмағандықтан, біз де тексеру ұйымдастыра алмаймыз, құрылыс салушылар да бізге келмейді”, – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Серікжан Бекетаев.

Ал елорда әкімдігі Кіші Талдыкөл аумағына жасыл желек отырғызу туралы шешім қабылдаған. Бір миллиард теңгеге жергілікті шенеуніктер 600-ден астам ағаш сатып алыпты. Оларды тамыз айының соңында отырғызу жоспарланған.

“Бұл экосаябақ болады, біз жалпы абаттандыруды, рекреациялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Онда ағаштар отырғызу керек, бұл – бірінші мәселе. Содан кейінгі мәселе – су балансын толықтыруды жалғастыру.

Яғни ол жерге су жіберу керек болады. Сондай-ақ орындықтар мен демалыс орындарын орнату қажет”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы Әлихан Қуанышев.

Талдыкөл көлдер жүйесіне бірнеше су қоймалары кіреді. Сарапшылардың пікірінше, құрылыс басталған соң су қоймасы бөлініп кеткен. Сондықтан экобелсенділер жергілікті биліктен елорданың осынау көрікті аймағын сақтап қалуды және ақырында су қорғау белдеулері мен арнайы аймақтарды белгілеуді сұрауды тоқтатпайды.

Көл қазіргі басты жоспарда тұрғандықтан эко белсенділер жергілікті биліктен астананың көрікті аймағын сақтап қалуды және су қорғау белдеулері мен арнайы аймақтарды белгілеуді сұрап отыр.

 

 

Талқылау