AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыркүйек айында жанар-жағармай нарығында қандай өзгерістер болады?

“Мен осыған дейінгі жазбамда отандық нарықта дизель отының тапшылығы туындауы мүмкін екенін жазғанмын”, – деп жазды мұнай-газ нарығының сарапшысы Ерлан Жаукин inbusiness.kz сайтына берген материалында. 

Тақырып өте өзекті. Нарық мұндай қауіппен жыл сайын бетпе-бет келеді. Карантин шектеулеріне байланысты 2020 жылы мұндай жағдай болған жоқ. Бұл дизельді тұтыну көлемінің төмендеуімен байланысты еді.

Неге мен бұл мәселеге назар аударып отырмын?

Қыркүйекте дизельді тұтынудың болжамды көлемі қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары өндіретін болжамды көлемнен асады. 30-40 мың тонна дизель тапшылығы сезіледі. Қазақстандағы дизель қоры оптимистік болжам жасауға мүмкіндік бермейді.

Өткен жылдары күзде дизель тапшылығы мәселесі отынды Ресейден импорттау арқылы шешілді. Жыл сайын қыркүйекте 30-40 мың тонна дизель Ресейден жеткізілді. Бұл отандық нарықтағы шиеленісті бәсеңдетуге септігін тигізді. Бүгінде отынды Ресейден импорттау өте қиын. Дизельдің қазақстандық және ресейлік нарығындағы көтерме сауда бағасындағы айырмашылықтың үлкен болғаны соншалық бірде-бір саналы кәсіпкер экономикалық теріс импортты жүзеге асырғысы келмейді.        

Қыркүйекте Қазақстанда дизель тапшылығы туындауы мүмкін. Мен Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы түрде жөндеуге жабылатын жазғанмын. Осыған дейін зауыттағы жөндеу жұмыстары жазға шегерілген, енді оны теориялық тұрғыдан кейінге жылжыту мүмкін емес. Сондай-ақ мен шаруалар мен теміржолшыларға дизель отыны ерекше тәртіппен алатынын айтқан едім. Ірі жанармай құю станция желілері қажетті қорды қалыптастырып жатыр. Алайда мәліметтерге сүйенсек, өңірлерде апта сайын отынның қоры 5-7 мың тоннаға азайып жатқанын байқауға болады.

Мәселені қалай шешуге болады? Ол үшін бөлшек сауда бағасын өсіріп, бизнеске Ресейден отынды өз еркімен импорттауға мүмкіндік беру керек. Бұл экономика мен тұтынушыға ауыр тиетіні түсінікті. Алайда отандық экономиканың ашық екенін, оның әлемдік үрдістерге толық бейімделу керегін ескерсек, жанар-жағармай бағасының өсуі қазақстандық бизнестің көбірек пайда табуға деген ұмтылысы емес, әлемдегі қалыпты үдеріс екенін, ал одан отандық нарық артта қалып қойғанын түсінуіміз қажет. Бағаны ұстап тұрудың мемлекеттік тетіктері нарықты молықтыруға мүмкіндік бермейді.  

Осыған байланысты әлемнің әртүрлі еліндегі дизель отынының бағасы туралы соңғы деректерді мысалға келтірейін.

Бүгінде қазақстандық бөлшек сауда нарығы бұрынғыдай ең арзан жанар-жағармай нарығы болып саналады, ал Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның нарығындағы бағаны салыстырсақ, бұл қазақстандық дизельді заңсыз жолмен шығару қаупін арттырады. Мен дизель бағасын Ресей немесе Қырғызстандағы бағамен теңестіру керек деп айтпаймын. Мұндай жағдайда нарықты ресейлік отын импортымен тепе-тең жағдайға келтіру орынды болады. Бұл дизель отынына сұраныстың артуы кезінде қазақстандық нарықты молықтыруға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр