Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда президент сайлауы өтуде

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттікке үміткерлер:

Садыр Жапаров;
Қанатбек Исаев;
Мықтыбек Арыстанбек;
Клара Сооронқұлова;
Имамидин Ташов;
Әбділ Сегізбаев;
Адахан Мадумаров;
Аймен Қасенов;
Ұлықбек Кочкоров;
Жеңісбек Байғұттиев;
Эльдар Абакиров;
Курсан Асанов;
Арыстанбек Әбділдаев;
Равшан Жээнбеков;
Бақтыбек Қалмаматов;
Бабыржан Толбаев;
Қаныбек Иманалиев.

Айта кетейік, Қырғызстан президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу қажетігі митингтер аясында елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбековтің 16 қазанда отставкаға кетуінен кейін пайда болды.



Еске сала кетейік, 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Билеуші партия жеңді, бірақ оппозиция бұған келіспеді. Нәтижесінде елде жаппай наразылықтар басталды. Наразы топ президент әкімшілігі орналасқан Парламент ғимаратын басып алды. Қырғызстан ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.

Бішкектегі тәртіпсіздіктер президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін тоқтатылды. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьер-министр Садыр Жапаров болды. Ол бұған дейін 2012 жылы билікті күшпен басып алуға тырысқаны үшін сотталған және колонияда болған. Алайда, наразылық білдірушілер оны босатты, ал Жоғарғы Сот оқиғадан кейін Жапаровты ақтады.

Садыр Жапаров  президент сайлауына қатысу үшін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр өкілетін тоқтатқанын мәлім етті.

Талқылау