AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда әйелге орысша сөйлегені үшін шабуыл жасаған азаматтың үстінен іс қозғалды

Қырғыз полициясы сауда ойын-сауық орталығының қызметкеріне орысша сөйлегені үшін оған қарсы шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Бішкектің Октябрь ауданының ішкі істер бөлімі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел Ішкі істер департаментіне жазбаша өтінішпен жүгінген және "алкогольдік мас күйінде" қоғамдық тәртіпті бұзып, сонымен қатар оны калькулятормен басынан ұрған белгісіз ер адамға шара қолдануды сұраған. 

"Тергеу барысында ер адамның жеке басы анықталды, ол азамат А.А. 1992 жылы туған, тиісті іс-шараларды өткізу үшін Октябрь аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Алынған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот -медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша азамат А.А-ның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада. 

9 тамызда Мемлекеттік Дума Қырғызстан парламентінің төрағасынан орыс тілінде сөйлеген сатушыға жасалған шабуылға байланысты жағдайды бақылауға алуды сұрады.

Бұған дейін 2 тамызда Қырғызстанда ер адам онымен орыс тілінде сөйлескен балалар орталығының қызметкеріне шабуыл жасағаны жайлы хабарланған еді. Ол әйелден өзімен тек қырғыз тілінде сөйлеуін талап етіп, қызды қорлай бастаған, сонымен бірге оның басына калькулятормен қойып қалған. Кейін тәртіп сақшылары ер адамды қолға түсіріп, бірақ бірнеше минуттан кейін босатып жіберген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр