Қырғызстан Қазақстаннан құрлық шекарасын ашуды сұрады
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесуінде Қырғызстан азаматтарының мемлекеттік шекарадан кедергісіз өтуін қалпына келтіру мәселесін жеделдетуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Мәселенің мәні жерүсті жол бақылау бекеттері туралы болып отыр. Айта кетейік Қырғызстан азаматтары Қазақстанға тек әуе арқылы кіре алады. Ал біздің өз азаматтарымыз шекарадағы өткелдерден кедергісіз өтеді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қырғыз-қазақ қатынастарының кең ауқымды өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Министр Қазақбаев қазақстандық тараптың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында 1000 тонна элиталық бидай тұқымы түрінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Дипломаттар арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға алдағы ресми сапары және Бішкекте өтетін Қырғыз-Қазақстан Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы да талқыланды.
Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты тараптар қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеу қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
