AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс: Жылқы ұрлаймын деп бір сарбаз қаза тапты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада болған қарулы қақтығыс кезінде  27 жастағы қырғыз шекарашысы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сәйкес, атыс 8 шілде күнді кешкі сағат бестің кезінде Чашмагильдан асуына жақын жерде болған. Қырғызстанның шекара қызметі қарулы қақтығысты тәжік әскерилері бастады деп отыр.

Артынан атыс кезінде жарақат алған қырғыз шекарашысы Хуснидин Хожиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Тәжікстанның шекара қызметі осы оқиғаның мүлдем басқаша басталғанын мәлімдеді. Қырғызстан әскерилер шекараны бұзып қана қоймай, атысты өздері бастағанын жеткізді.

"Қырғыздың төрт шекарашысы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен. Қару асынған сарбаздар Деваштич ауданы тұрғындарының тоғыз жылқысын ұрлап, Қырғызстан жаққа алып кетпекші болды. Тәжік шекарашылары олардың мемлекеттік шекараны бұзғаны жайында ескерту жасады. Бірақ олар оқ атты. Тәжік шекарашылары да қару қолданды. Шекараны бұзған екі адам жараланды", – деді шекара қызметінің мамандары  Sputnik Тәжікстан берген сұхбатында.

Қазіргі кезде оқиға орнына екі елдің шекара өкілдері аттанды. Олар мәселенің мән-жайын анықтайды.

Айта кетсек, 8 шілде күні  қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің шекара ведомстволарының әскери қызметшілері арасында атыс болды. 

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында атыс басталып, екі ел арасындағы қарулы қақтығысқа ұласты. Соңғы рет 28 сәуірден 1 мамырға созылған қарулы жанжалдан 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қаза тапқан. Одан бөлек, екі тараптан 300-ге жуық адам зардап шеккен.  

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тоқтаусыз атыс болып жатқанын хабарлаған едік. Бұдан соң Қырғызстан президенті Тәжікстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр