Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кипрде анасы 12 жасар ұлын өлтірді: СІМ мәлімдеме жасады

Кипрде өзінің 12 жасар ұлын өлтірген әйел Қазақстан азаматшасы емес. Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап. 

Кипрде әйел 12 жасар ұлын өлтірді: СІМ мәлімдеме жасады

«Кипр билігінің ақпараты бойынша, аталған әйел Қазақстан азаматшасы болып табылмайды. Ол – Ресей азаматшасы», - дейді Смадияров. 

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Кипрде әйелдің 12 жасар ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді. Оның күйеуі баланың денесін тауып алыпты. БАҚ-та әйелдің Қазақстан азаматшасы екені және психикалық ауруға шалдыққаны жазылған.

Талқылау