Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамағынан пышақтаған: Кипрде қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталуда

Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматы өзінің 12 жасар ұлын өлтірді деп айыпталуда.

Кипрде қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол салмақ болды

Жергілікті басылымның мәліметінше, кісі өлімінен кейін әйел өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дәрігерлер оны құтқарып үлгерді.

Әйелдің 52 жастағы күйеуі, баланың өгей әкесі, кипрлік грек азаматы полиция қызметкері болып жұмыс істейді. Ол үйге оралғанда есікті аша алмайды. Ер адам өрт сөндіру бөлімін көмекке шақырды. Пәтерге терезеден кіріп, ол әйелді еденде қансырап жатқан күйінде тапты. 12 жасар бала төсегінде өлі күйінде табылды. Ол тамағынан пышақ жарақатын алған. Баланы ас үй пышағымен өлтіріпті.

Никосия орталық ауруханасында әйелге ота жасалып, үйіне жіберілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Әйелді психиатр қарады, оны Athalassa психиатриялық мекемесіне емделуге жіберді, содан кейін ол қасақана кісі өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді. Полиция тергеу мәліметтері бойынша, әйелдің денсаулығына байланысты күрделі мәселелер бар екенін айтты, алайда бұл туралы ашық айтқан жоқ.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл туралы пікір білдірген жоқ.

Талқылау