Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kinopark.kz кинотеатрлар желісі шектеуге қарамастан жұмыс істейтіндігін айтты

Kinopark.kz кинотеатрлар желісі үкімет тарапынан коронавирусқа қатысты уақытша шектеуге қарамастан өз жұмыстарын жалғастыратыны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кинотеатр

Бұл туралы кинотеатр өкілдері Instagram парақшасында жазды. 

"Біз жергілікті атқарушы билік өкілдерінің пікірін алу үшін сұратылым жібердік. Бірақ әлі жауап келмеді. Біздің кинотеатрлар штаттық кесте бойынша жұмыс істейді. Бұл мәселе денсаулық сақтау және әлеуметтік жағынан қарастырылатын тақырып", - делінген хабарламада. 

Бұған қоса олар кинотеатрлардағы сақтық шараларын күшейтетіндігі жайлы қосты. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтататыны туралы сөз болып еді. 

 

 

STAN.KZ
Жұма, 13 Наурыз, 2020 12:17
Талқылау