Қыңыр әйел бұзылған эскалатормен түсемін деп аяқсыз қалды (видео)
Қытайдың Харбин қаласында эскалатормен түспек болған әйел адам аяқсыз қалды. Қайғылы жағдайдың видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: видеодан скриншот
Оқыс жағдай 20 шілде күні жергілікті сауда орталықтарының бірінде болды. Видеодан әйел түсіп бара жатқан кезде аяғының эскалаторға қысылып қалғанын көруге болады. Кейін оған жанындағылар көмектесіп, механикалық баспалдақты жөндеуге тырысып бақты.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, эскалатор әйелдің оң аяғын жарақаттап, сол аяғын тізесінен төмен жұлып кеткен. Зиян шеккен әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған бірден ота жасалды.
Оның туыстары бастапқыда эскалатордың жұмыс істеп тұрғанын, кейін ғана істемей қалғанын айтты. Алайда оқиғаның куәгерлері баспалдақтың істемей тұрғанын, тіпті, оған баратын жолдың жабық болғанын айтады.
Аталған фактіге сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
