Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кінәлілер жазалануы тиіс": Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырауда ауруханада желшешектен қайтыс болған 6 жасар қыздың оқиғасына қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

Денсаулық сақтау министрі бұзушылықтар орын алған болса, кінәлілердің жазаланатынын айтты.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабековаға аталған жағдайды әділ тексеруін тапсырамын. Медициналық көмек стандарттары бұзылғаны анықталған жағдайда, кінәлілер, бірінші кезекте, жауапты тұлғалар жазалануы тиіс», - деп жазды Біртанов Facebook желісінде. 

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Атырауда желшешек жұқтырған 6 жасар қыз қайтыс болды. Дәрігерлердің сөзінше, ауру қыздың ішкі ағзаларын зақымдаған.

Марқұмның ата-анасы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

Талқылау