Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 6 жасар қыз ауруханада қайтыс болды: Марқұмның ата-анасы мәлімдеме жасады

Атырауда 6 жасар қыз ауруханада желшешектен қайтыс болды. Дәрігерлердің сөзінше, ата-анасы қыздың ес-түссіз күйде алып келген. Алайда ата-анасының оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар.

Атырауда 6 жасар қыз ауруханада қайтыс болды: Марқұмның ата-анасы мәлімдеме жасады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

5 шілдеде қайтыс болған 6 жасар Софияның анасы Елена қызы ауруханаға алып келгенде тірі және не болып жатқанын түсінетін күйде болғанын айтты.

Әйелдің сөзінше, үйде қызының бірнеше күн бойы қызуы көтерілген. Ата-анасы учаскелік дәрігер мен жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер баланың өміріне қауіп төніп тұрмағанын, қызуын түсіру керегін айтқан. Сонымен қатар дәрігерлер қыздың жағдайын жақсарту үшін, анасына оның ауыз қуысын дымқыл матамен сүртуге кеңес беріпті.

Анасының айтуынша, дәрігерлер жазып берген дәрілер мен дәрумендер тізімінде вирусқа қарсы препарат жоқ. 

Қыздың жағдайы кенеттен төмендеп кеткенде, әкесі мен анасы оны ауруханаға алып барып, кезекте тұрған. Дәрігер қызды тексергеннен кейін оны рентгенге жіберіпті. 

Еленаның сөзіне қарағанда, бас дәрігердің орынбасары Надя Ерғалиева қыздың ессіз және өлім алдындағы күйде болғанын айтқан. Алайда анасы қызын рентгенге түсіргенде оның өздігінен қолын көтергенін жеткізді.  
Ал қыздың әкесі Сергей олар ауруханаға бара жатқан жолда қызы өзіне жақсы көретінін бірнеше рет айтыпты. Ол дәрігерлердің баласының ессіз күйде болғаны туралы сөзін түсінбейді. 

Ата-анасы Софияны рентгенге түсіргеннен кейін, ренаиматолог дәрігер оны шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызу керегін айтыпты. Артынша бас дәрігердің орынбасары келіп, қызға «Медовир» дәрісі керек екенін жеткізген. Алайда мұндай дәрі ауруханада болмаған. 

Осыдан кейін қыздың ағасы Александр Четин аталған дәріні іздеуге кетіпті. Ол дәрінің екі ампуласын ғана тапқан. Артынша Ақтөбе мен Нұр-Сұлтаннан тағы бір ампуладан жіберіпті. Ата-анасы қызын құтқару үшін, Мәскеудегі достарынан дәрінің 10 ампуласын беріп жіберуін сұраған. Алайда дәрі қыздың өлімінен кейін жеткен.

Ата-анасының айтуынша, оларға дәріханалардың барлығында «Медовирдің» баламасы «Ацикловирді» ұсыныпты. Алайда дәрігерлер бірінші дәрі керек екенін айтқан. Бірақ кешке қарай олар ерлі-зайыптыға дәрінің баламасын сатып алуға болатынын жеткізеді.

«Надя Ерғалиева біздің «Ацикловир» дәрісін алып келгіміз келетінін айтты. Алайда біз дәрігер емеспіз, бұл дәріні беруге болатынын қайдан білетін едік? Оларда дәрі болған жоқ. Біз дәрігерлердің көмегін күттік», - дейді Елена.

Қыздың ата-анасының сөзінше, олар дәрігерлердің үстінен шағымданбақ емес. Ерлі-зайыпты сараптама жасалуы үшін, қыздарының денесін қазып алғанын қаламайды. Тек дәрігерлер өз міндеттеріне дұрыс қараса екен, дейді. 

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Атырауда желшешек жұқтырған 6 жасар қыз қайтыс болды. Дәрігерлердің сөзінше, ауру қыздың ішкі ағзаларын зақымдаған.

Талқылау