Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімдерге Қазақстан аумағына ПТР тест тапсырмай кіруге рұқсат етілгені белгілі болды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысы бойынша, Қазақстанға ПТР тестінсіз кімдер кіре алатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық санаттағы рейстермен келетін жолаушыларды үш санатқа бөліп қарасытыратынын мәлім етті Есмағамбетова.

"Бірінші санатқа: Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд, Венгрия, Индия, Германия, Чехия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей кіреді. Бірінші санаттағы елдер үшін темперетара тексерісі мен сауалнамалардан өту керек. Екінші санатқа: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан және үшінші санаттағы елдерден тұрақты (эвакуация және чартерлік) рейстер кіреді", - деп түсіндірді ол.  


Екінші санаттағы елдер үшін термпературалық тексеріп, анкета, ПТР әдісімен теріс нәтиже көрсеткен құжат қажет болады.  

"Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен кезде ПТР тест нәтижесі болмаған жағдайда - COVID үшін зертханалық сараптама келген күннен бастап 48 сағат ішінде міндетті түрде өтетіні немесе үйге 14 күн ішінде карантинде жататыны туралы қол хат жазып беруі керек. Үшінші санатқа бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда, барлық елдер кіреді", - дейді Есмағамбетова.

Үшінші санаттағы елдерден Қазақстанға тұрақты рейстерге тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі 22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралатыны туралы айтты.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Карантинге қатысты қаулыға өзгеріс енгізілді.

 

STAN.KZ
Жексенбі, 16 Тамыз, 2020 14:55
Талқылау