Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысы тоқтатылады: Карантинге қатысты қаулыға өзгеріс енгізілді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына жаңа түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бас санитарлық дәрігер темір жол арқылы қалалар арасындағы байланысты уақытша тоқтатуды тапсырды.

"Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр поездарының) қозғалысын тоқтата тұру қажет. Жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтмасыз етсін", - дейді Есмағамбетова.


 

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне Есмағамбетова бірнеше шектеулер жайлы түсіндірді. Елімізде қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдары уақытша тоқтатылады.

"Көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелерінің кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады", - делінген өзгертуде.

Сонымен қатар, барлық мәдени, діни мекемелер мен балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынып, фудкорттардың, банкет залдарының қызметі уақытша тоқтатылады.

"Бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салынады. Ауада-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне бір келушіге төрт шаршы метрден қарастырылған жағдайда рұқсат етіледі. Нысандар 30% -ға ғана толған болуы керек", - дейді Есмағамбетова. 

Талқылау