Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қымбат тұратындай көрінесің": Гүлнәз Жоланованы қандай жағдай ыңғайсыздандырды

Гүлнәз Жоланова өзін қандай жағдай ыңғайсыздандырғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қымбат тұратындай көрінесің

Корей елінде жүрген Гүлнәз Жоланова көшеде көрген адамдардың өзіне қалай баға беретінін айтты. Олар актрисаға қымбат көрінесің деп айтады екен. Яғни, көптеген кәріс қыздары Гүлнәз Жоланова секілді сұлу болу үшін, біраз ақша шашып, ота жасататын көрінеді. Алайда, табиғи сұлулығымен тәнті еткен актриса, бұл үрдісті қабылдай алмағанын, біраз ыңғайсызданғанын жеткізді. 

"Маған бүгін қымбат тұратындай көрінесің деп айтты. Яғни жергілікті қыздарға мен сияқты көріну үшін біраз шығындану керек. Қарапайым сөз емес, бірақ, үйге қайтқанда өзімді бағалау деңгейім өзгереді. Шындығына келгенде көшеде беттері бинтке оралған адамдарды көрген кезде біраз ыңғайсызданасың. Мен үшін солай, бұл ұлттың деңгейінде қабылдамау", - дейді Гүлнәз Жоланова. 

Мұны көрген желідегілер қазақ қыздарының табиғи сұлулығына тәнті екендіктерін жарыса жазып, актрисаны мақтаған. 

"Қазақтың қыздары табиғи сұлу. Әсіресе сіз", "Қанша елдің қыздарына еліктесең де, өзіңнің сұлулығыңа жетпейді", "Қазақтың әп-әдемі қызы болып жүргенің жақсы", "Ең әдемісің", - десті жұрт. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 28 Тамыз, 2019 10:45
Талқылау