Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын стратегиялық қанатты зымырандарын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын стратегиялық қанатты зымырандарын сынақтан өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Оқу-жаттығулар кеменің жауынгерлік функцияларын және оның зымырандық жүйесінің сипаттамаларын растауға, сондай-ақ матростардың соғыста соққы беру тапсырмасын орындау дағдыларын дамытуға бағытталған", – делінген хабарламада.

Зымыран технологиясының түрі мен ұшыру уақыты көрсетілмегенімен, зымырандардың "нысанаға жылдам тиетіні" атап өтілген. Алайда Сеул бұл хабарды "асыра айтылған және шындыққа жанаспайтын мәлімет" деп бағалады.

Зымырандарды сынақтан өткізу туралы хабарландыру АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония төніп тұрған ядролық қауіп-қатерге қарсы бірлескен іс-қимыл туралы шешім қабылдаған алғашқы тәуелсіз үшжақты саммитін өткізгеннен кейін үш күн өткен соң жасалды. 

Сеул Пхеньян бірлескен жаттығуларға кедергі жасау үшін түрлі әскери әрекетке баруы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Кейбір сарапшылар Солтүстік Кореяның зымырандары ядролық бомбалармен жабдықталуы мүмкін деп санайды.

Бұған дейін Ким Чен Ын армиясын "шабуылға" дайындап жатқанын мәлімдеген еді. 

Талқылау