Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Марат Жыланбаевтың "есінен танғаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді

марат жыланбаевтың жағдайы

Фото: instagram/marat_zhylanbayev

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгілі марафоншы Марат Жыланбаевтың қазіргі жағдайы жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Жыланбаевтың "есінен танған күйде" екені айтылған ақпарат тараған еді. Бірақ комитет өкілдері мұны жоққа шығарды. 

"Бейне бақылау жазбаларына сәйкес сотталған Жыланбаев кітап оқып, су, компот пен тәтті шай ішеді, биологиялық белсенді қоспалар қабылдайды. Сондай-ақ физикалық жаттығулармен де (жүру, орында жүгіру, қол жаттығулары) белсенді шұғылданып, серуенге шығады", – делінген комитет хабарламасында. 

Ведомство өкілдері Марат Жыланбаевтың медицина қызметкерлерінің бақылауында екенін, ал салмағы 45 келі екені туралы ақпараттың жалғанын екенін жеткізді. 

Сонымен қатар Жыланбаев бірнеше рет Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, прокуратура мен құқық қорғау ұйымдарының басшылығының жеке қабылдауына жазылғанын мәлімдеді. Оған адам құқығын қорғау бойынша уәкілден түсіндірмелер жазылған хат жіберілген. Сотталғаннан қандай да бір шағым түспеген екен. 

"Қорқуға себеп жоқ. Медицина қызметкерлері оған тұрақты барып тұрады", – деп қосты комитет өкілдері. 

Комитет жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершілік барын ескертіп, тек ресми дереккөзге сенуге шақырды. 

Назархан Уән
Сенбі, 26 Шілде, 2025 11:45
Талқылау