Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Алмас Қырықбаев ұсталды: БАҚ қылмыстық топтың басқа мүшелеріне не болғанын айтты

Шымкентте қылмыс әлеміндегі танымал ағайындылардың бірі Алмас Қырықбаев ұсталды. Қырықбаевтардың есімі бұрын Жамбыл облысының тұрғындарын қорқытатын болған. Қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы қазір тиісті жазаларын өтеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.

Қырықбаев 2007 жылы жергілікті компания директорынан 10 мың доллар бопсалады деп айыпталған. Алайда оны ұстау мүмкін болмапты. Алмас қашып жүріп, кейін атын Мадияр Өскінбаев деп ауыстырып, Біріккен Араб Әмірліктеріне кетіп қалған. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бұл отбасында барлығы 10 ағайынды, 90-шы жылдардың басында олар Қырықбаевтар деген атпен танымал болған. Ағайындылардың басында Қайрат Қырықбаев болған. Алмас Қырықбаев оның оң қолы болыпты.

2000 жылдардың басында ұйымдасқан қылмыспен күресті сол кездегі Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов жеке бақылауына алды. Ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірнеше облыстық басқарма құрылып, олардың алдына ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою міндеті қойылды.

Сол жылдары кейбір қылмыстық топ жетекшілері Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға ұшып барып, күшпен тартып алынған ақшаға заңды кәсіп ашқан. Басқа да топтың мүшелері фамилияларын өзгертіп, түрлі деңгейдегі мәслихаттарға сайлана бастады.

2000 жылдардың басында екі ағайынды да мәслихат депутаты болды. Нұрмахан Қырықбаев қалалық маслихатқа сайланды, Алмас Мадияр Өксікбаевтың атына құжат жасап, "Инара" ЖШС директоры бола тұра облыстық мәслихатта төрағалық етті.

Бірақ негізгі жұмысымен қатар, ағайындылар қылмыспен айналысуларын жалғастыра берген. Нұрмахан заңсыз қару сақтады және алып жүрді деген айыппен бір жыл колонияда отырған. 2009 жылы оған бұрынғы күзетшісін ұрлады деген күдікпен іздеуге жарияланды.

Осыдан екі жыл бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Қайрат Қырықбаев Тараздағы тергеу изоляторынан қашып кеткен болатын. Ол інісі Ерғалимен және тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Марат Әбдуәлимен бірге көптеген қылмыстық істер, соның ішінде 2001 жылы 20 жастағы спортшы Талғат Артықбаевты өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2007 жылы сот үкімі шыққаннан кейін Қайрат, оның ағасы және Марат бақылаушыны алдап, оған үлкен мөлшерде героин берген. Күзетші есінен танып қалғанда, олар терезеден секіріп қашып кеткен.

Марат ауыр жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болды. Ерғали Қырықбаев аяғын сындырып, құқық қорғау органдарына берілді. Қайрат жоғалып кеткен. Алайда 2012 жылдың жазында Алматыда ұсталды. 2013 жылдың басында ол 26 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кезде үш ағайынды жазасын өтеп жатқан, тағы төртеуі қылмыс әлемінен алыстаған, екеуі әлі іздеуде болатын.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 02 Мамыр, 2023 18:40
Талқылау