Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиылыс қарғысқа ұшыраған": Экстрасенс блок-бекеттегі екі полицей өлімі кездейсоқ еместігін айтты

Көксай ауылының тұрғындарының айтуынша блок-бекеттегі жол апаттарының болуы кездесоқ емес. Тылсым күш пен тынымсыз әруақтардың ісі дейді. Тұрғындарды тыныштықтан айырған тылсым күштің қожайыны кім? Екі полицейдің өліміне қандай қатысы бар? Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқатқа" сілтеме жасап хабарлайды. 

ханша

Көксай ауылында орналасқан 4-бақылау бекетінде 25 мамыр күні екі полицей жол апатынан қайтыс болып еді. Ал Көксай ауылының тұрғындары аталмыш жерде күн сайын ақылға қонымсыз оқиғалар орын алады деп дабыл қағуда. 

"Күнде қырғын, төбелес болады. Күнде полиция қызметкерлері келеді. Қиылыс қарғысқа ұшыраған деп айтады", - дейді ауыл тұрғыны Гүлжазира Жұмабаева. Оның айтуынша бұл көшеде орын алған оқиғалар кездесоқ емес, кесапаттан. 

"Екі полицей қайтыс болды, ал біреуінің жағдайы өте ауыр хәлде. Соның бәрі осы жердің кесірінен деп ойлаймын. Өлімді, жаманшылықты шақырып тұрады ма білмедім. Осы жердің сондай түсініксіз бір нәрсесі бар", - деген Гүлжазира осыдан он жыл бұрын ашқан дүкенінде де тылсымның орын алғанын айтады. Саудасы жүрмей, саудагерлері жұмыс істемей қашатын көрінеді. Қызметкерлерінің мазасын алған тылсым күш бір күні  Гүлжазираның өзіне көрініп есін шығарған. 

"Дүкенде істеп жатқан адамдар да біреуді көрдік, біреу келіп бізді қылқындырады, төбеде біреу жүрді деп айтады. Сосын өзім істеген кезде де көрдім. Кәдімгідей мүйізі бар, ұзын құйрығымен есіктің алдында отырғанын көргенмін", - дейді ол.

Өзін мыстан деп таныстырған Ханша дәл осы қиылыстың құпиясы туралы былай дейді: 

"Мына жерде көп адам жылайды. Өте көп адам қасірет шегеді. Көшені кесіп өткен бала да өлген. Олардың барлығы қазір осында жүр. Осы жерде отыздан аса жол апаты болған. Дәл осы жер үшбұрыш сияқты. Жердің ортасы ашық. Сол жақтан ібілістер шығып өз құрбандарын алып кетеді. Мұнда тағы да өлім болады", - дейді ол. 

Не себепті бұл жерде өлім-жітім жиі болады деген сұрағымызға Ханша мыстан былайша жауап қатты. 

"Мына жердегі қасіреттің кінәсі кімде десеңіз, оның бәрі көше бойында тұрған үйде. Бұл үйде орыс кемпір тұрған. Оған көшедегі шу ұнамайды. Тыныштықты жақсы көрген. Ол қазір тірі емес. Ол осы жерді қарғыстаған. Сосын оның адамдарға деген өте үлкен көреалмаушылығы бар. Оған біреудің балалы болып, қуанып жатқаны ұнамайды. Ол осында ібілістерді шақырып, адамдарға күн көрсетпеуді тілеген", - деген ол блок-бекеттегі екі сақшының өлімі кездесоқ емес дейді. 

"Форма киген екі жігіттің өлімі кездесоқ емес. Бұл кемпірге формадағы кісілер үйіне келген. Бірақ кемпір оларды жек көреді", - дейді Ханша. 

"Сағат төртте жас полицей "кетейікші, бізді кім біледі" деген. Ол осындай жағдай болатынын сезген. Ал екінші полицей жұмысқа берілген болған соң "жоқ, біз осында боламыз, сен ұйықтасаң ұйықтай бер, сәлден соң кетеміз" деген", - деп Ханша өлім әлі де болатынын ескертті.

Ханшаның айтуынша қос сақшының кетіп қалуға мүмкіндіктері болған, бірақ бұл жердің қарғысы жібермеген. 

 

Талқылау