AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Киіктердің өзі мәселелерімізді алдымызға шығарып берді": Қазақстандық фермерлер ақбөкендер көбейіп кетті деп дабыл қағуда

Мамыр айы басталғалы Батыс Қазақстан облысының шаруалары қазақ даласының брендіне айналған киіктердің шамадан тыс көбейіп кеткеніне шағымданып жатыр. "Егінімізді жайпап, жайылымымызға ортақтасты" деген шаруалар киіктерді не азайту керек, не көшіру керек деген ұсыныс-талап қойып отыр. Бұл жағдайға байланысты елдің пікірі екіге бөлініп отыр. Экология және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің позициясы қандай? Қалай шешілетін болды бұл проблема? Бұл жайлы "Ашық алаң" бағдарламасына келген сарапшылар өз ойымен бөлісті. 

Шекарадан 348 дана ақбөкеннің мүйізін алып өтпек болған қазақстандық қолға түсті

"Киіктердің өзі әлеуметтік мәселелерді алдымызға шығарып беріп жатыр. Су жоқ, инфоқұрылым жоқ, ауылдағы шаруалардың еңбек жағдайы шешілмеген", - дейді журналист Төлен Тілеубай.

Бұл мәселе жайлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Асқар Әбдірахманов пікір білдірді. 

"Киіктердің көбейіп кеткені Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізіп жатқаны рас. Бұл проблеманы шешу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы әкімдішгімен бірлесіп, шаруалармен жиын өткізді. Киіктер мекен еткен үш ауданды алып жататын "Бөкей ордасы" резерваты мен "Ащыөзек" табиғи қаумалын құру туралы ұсыныс жасалды", - дейді ол.

Қазақстан фермерлер одағы төрағасының орынбасары Ермек Әбуовтың пікірінше, бұл мәселе судың тапшылығы, құрғақшылықтан туып отыр. Құрғақшылық шегіне жеткен мәселе. Оны құзырлы министрліктер мен жергілікті атқарушы орган тез арада шешуі қажет.

Журналист Төлен Тілеубай бұл мәселе бұған дейін де болғанын алға тартты. 

"Бұл мәселе 15 жыл бұрын айтылған. Киіктердің көбейгеніне қуану керек. Қазақ пен киік ежелден егіз ғой, ежелден бері бірге өмір сүріп келеді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін президенттің өзі қол қойып, киіктерді қорғау жөнінде жеке заң қабылдау керек. Резерваттың да, су мен шаруалардың мәселелері, киіктің қауіпсіздігі де осы заңмен шешілер еді. Қазір қабылданған Экологиялық кодексте киік туралы бір ауыз сөз жоқ", - деді журналист Төлен Тілеубай.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр