Хоккейден Қазақстан құрамасы Еурочеллендж жеңімпазы атанды
Польшаның Катовице қаласында өткен Еврочеллендж соңғы матчында Қазақстан хоккей құрамасы Италияны ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Бұл туралы Sports.kz жазды.
Ойын 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Итальяндықтар қақпасын ашық тастап кеткенін пайдаланған Никита Михайлис шайбаны қақпаға дөп салды.
Қос команда да бар күшін салып шабуыл жасағандықтан, кездесу өте тартысты өтіп, жеңімпаз соңғы минутта ғана анықталды.
Негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут қалғанда Италия үзіліс алып, айдынға алтыншы ойыншысын шығарды. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы барын салып кездесудің соңғы сәттерінде жеңіс шайбасын соқты.
Бұдан бұрын, Венгрия (5:2) мен Польшаны (4:1) жеңген Қазақстан бірінші орынға ие болды.
Тағы оқыңыз:
Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы әлем чемпионы белдігінен айырылып қалды
«Қайрат» клубы Грузия чемпионымен өткен ойында жеңіске жетті
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”