Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшы әлем чемпионы белдігінен айырылып қалды

Ұлыбританияның Манчестер қаласында орта салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс супер сериясының жартылай финалы өтті. Жартылай финалда британиялық боксшылар Крис Юбэнк-кіші (23-1, 18 КО) мен  Джордж Гроувз (27-3, 20 КО) кездесті.

Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жекпе-жек нәтижесінде төрағалардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Гроувз жеңіске жетті.

Осылайша, бұған дейін WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған боксшы IBO белбеуіне ие болды. СәйкесіншеКрис Юбэнк-кіші әлем чемпионы белбеуінен айырылып қалды.

Ендігі Джордж Гроувз екінші жартылай финал жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетсек, 24 ақпанда өтетін екінші жартылай финалда  Каллум Смит (23-0, 17 КО) пен Юрген Бремер (49-3, 35 КО) кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, британиялық боксшы Крис Юбэнк-кіші 2016 жылы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

«Қайрат» клубы Грузия чемпионымен өткен ойында жеңіске жетті

Қазақстандық Макгрегор кәсіби рингке шығуға бел буды

Головкин-«Канело» қарымта кездесуіне арналған трейлер жарияланды (видео)

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар