Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хиджаб киетін ақтөбелік қыз-келіншектер такси жүргізушісінің әйел болғанын қалап отыр

Ақтөбеде мұсылман қыз-келіншектер тарапынан таксилерде әйел жүргізушілер болса деген ұсыныс жиілей түскен.

taksi

Бұл туралы «Тілші» хабарлайды.

«Такси жүргізушісі болғаныма көп бола қоймады. Біздің қызметте талап қоятын клиенттер пайда бола бастады. Хиджаб киген қыз-келіншектер көлік тізгінінде әйел адамның болғанын қалайды. Ол жағы түсінікті де шығар», — дейді Гүлмира есімді такси жүргізушісі «Тілшіге» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, клиенттер арасында тек мұсылман қыз-келіншектер ғана емес, ер адамдар да көлікті әйел жүргізушінің басқарғанын қалайды екен.

«Біртүрлі ыңғайсыз талап. Дегенмен, олар шынымен де диспетчерге тапсырыс берерде бірден өз бағамын айтады. Рөлде әйел адамның болғанын қалайтын ер клиенттер тіпті орташа бағам 500 теңгенің орнына екі мың теңге төлей салады», — дейді «Тілшіге» такси қызметінің өкілі.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда полицей бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өте шықты (видео)

Баспанадан тарыққан зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр болып отыр

Бес уақыт намазын қаза қылмаған қостанайлық әже115 жасқа толды

Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы сабаққа мас күйінде келген

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Наурыз, 2017 06:42
Талқылау