Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлердің шабуылынан кейін Ұлттық банк қауіпсіздік шараларын күшейтті

Ұлттық банк кибералаяқтықпен бірлесе күресуге шақырды. Ол үшін алдағы уақытта банк жүйесін реттеуші мекеме хакерлердің шабуылдарына мониторинг жүргізіп, қаржы ұйымдарының бұған қарсы әрекетін бір жүйеге келтірмек. Ал бұған мән бергісі келмейтіндер болашақта сан соғуы ықтимал, деп хабарлайды КТК арнасы.

hacker-1-650x356

Өйткені, осындай хакерлердің кесірінен апта басынан бері клиенттер жеке шоттарындағы ақшасын ала алмай жүр. Ертең банктер тіпті миллиардтарынан да айырылып қалуы мүмкін дейді бас банкир.

Соңғы уақытта банк клиенттеріне онлайн-банкинг арқылы жасалатын алаяқтық көбейген. Салдарынан, жұрт банкоматтан ақшасын ала алмай, қаржы аударымдары ұзаққа созылып, төлем де қабылданбай жатыр. Кибер алаяқтықтың артуына байланысты екінші деңгейлі банктер бас банкирге хат жолдаған екен. Ал Данияр Ақышев клиенттер бүгін өз ақшасын ала алмай жатса, ертең банктер миллиардтарынан айырылып қалуы да ықтимал екенін ескертті.

«Бұдан банк жүйесіне жаңа қауіп төнеді. Ондай жағдайда жұмыс орталықтандырылып, тиісті органдардың әрекеті реттелуі тиіс. Себебі, ТМД аумағында кибер алаяқтық кең таралып келеді. Күресті жария етпесек те, жұмыс топтары бар ақпаратпен бөлісіп отыруы тиіс», – дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Көп жағдайда банктер ақпараттың құпиялылығын желеу етіп, хакерлердің шабуылы жайлы жария ете бермейтіні анық. Үлкен қаржы мекемелері оған төтеп бере алғанымен, клиенттер жиі алданып қалады екен. Себебі соңғы уақытта ғаламтор арқылы алаяқтық жасаудың «фишинг» деп аталатын түрі кең жайылған. Онда құпия сөз, несие карталарының нөмірлері, шоттар және басқа да ақпараттарға қол жеткізгендер бірнеше минутта бар қаржыңызды қағып алады.

«Бірінші кезекте клиенттінің компьютеріне «троян» вирусы кіреді. Вирус сайттың мекен-жайын өзгертіп, қауіпсіздік сертификатын алмастырады. Осыдан соң жеке мағлұматтар ұрланып, қаржы қолды болады. Бұған клиенттердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп», – дейді «Халық банкі» АҚ Ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры Евгений Белов.

Фишерлер шабуылдарды жақсы ойластырып, түрлі әлеуметтік инженерия тәсілдерін қолданылады. Тіпті клиентті қорқытуға тырысады, жіберілген хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда шоттың оқшауланатындығы ескертіледі екен. Сондықтан, клиент бірінші кезекте картаның ПИН-кодын, нөмірін, құпия сөзді, CVV-нөмір мен  өзге де жеке ақпараттарды банк ешқашан сұрамайтынын ескергені абзал. Ол тек алаяқтарға ғана қажет.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық банк басшысы Қазақстан банктерінің бірігуіне қатысты пікір білдірді

Доллар қайта қымбаттап жатыр

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз бүлдіршіндердің мерекесі болуы тиіс

Ата Заңға қандай өзгерістер енгізілді?

Талқылау