Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар қайта қымбаттап жатыр

Қор биржасында біраз уақыт әлсірегендей болған АҚШ ақшасының бағамы бүгін де көтерілді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

2014-07-31-kurs-tenge

Қазір 1 доллардың құны – 319 теңге. Ал небәрі екі апта бұрын ол 311-ге дейін арзандаған. Соған қарағанда, теңгенің нығаюы осымен тоқтаған секілді. Өйткені АҚШ валютасының бағамы біртіндеп қайта өсіп жатыр.

Бар-жоғы бірер тәуліктің ішінде  – 316, одан әрі 318, ал бүгін 319 теңге 5 тиын.  Ақпанда бірнеше мәрте нығайып қуантқан теңге мына кестеден байқалып тұрғандай басқан ізімен кері шегініп жатыр.

Ал сарапшылар доллар бұдан да жоғары болады дейді. Өйткені мұнай бағасы қайта құлдыруда. Бұған дейін 56 доллардан сатылған Brent маркалы қара алтынның бір баррелі бүгін 51 долларға түсіп кетті. Теңгенің ақпандағы нығаюына экспортерлердің салық төлеуі де себеп болған екен. Қаржыгерлер де мұны уақытша күшею деп атады. Ал мұнай бағасы арзандағанымен, бұл жағдай жанармай құнына еш әсер етпейін деп тұр.

“Менің болжауым бойынша, қара алтынның құны 40 долларға дейін түсуі мүмкін. Салдарынан теңге тағы әлсірейді. Бірақ қара алтын арзандап жатқанда, жанармайдың бағасы да түседі деп күтудің қажеті жоқ. Біздің нарық Ресейге байланған. Сол себепті, алда көршілеріміз көлік отынын қымбаттатып жатса, біздегі бензин бағасы да артынша көтеріле түседі”, – дейді экономикалық сарапшы Ғалым Құсайынов.


Жіберіп алмаңыз:

Бензин биыл тағы қымбаттайды

Қазақстан тұрғынында бірнеше пәтердің құнына тең автомобиль бар

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)

Талқылау