Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)

Нәзік жанды әйелдің қайтпас қайсарлығын көрсететін бейнежазба әлеуметтік желіде таралып кетті.

34946120-9627-4831-8424-5a3d8521ba56

Алматы облысы Талғар қаласындағы супермаркеттердің бірінде орнатылған бейнекамераға қарулы ер адамнан тайсалмаған өжет сатушының әрекеті түсіп қалыпты Бейнежазбадан көргеніңіздей, ер адам кассаға жетіп келіп, аңшы қаруын сатушы әйелге кезенеді. Алайда, әйел адам бір сәтке ойланбастан, қылмыскерге тап берген.

Сатушыға көмекке дүкеннің тағы бір қызметкері мен бөтен ер адам келеді. Сөйтіп, қарақшының қолынан қаруды тартып алады. Алматы ІІД растағандай, оқиға кеше кешкісін болы.

“1994 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оның қаруы тәркіленді. Оқиға бойынша 192-бапқа сәйкес қылмыстық өндіріс қозғалды”, — деп ақпарат берді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

70 жастағы Людмила әжей сирек кездесетін баталар жинағын шығарды (видео)

Қуаттау кезінде айфонмен сөйлескен студент ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жеткізілді

Атырауда балабақшадан қашып кеткен бүлдіршін суға кете жаздады

Талқылау