Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тұрғынында бірнеше пәтердің құнына тең автомобиль бар

Қазақстанда 1970 жылға дейін шығарылған 20 мың 726 жеңіл автокөлік тіркелген, ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына ҚР Ішкі істер министрлігінің жауабында айтылған.

20170310121848

Одан бөлек елімізде 507 лимузин мен жоғары сапада жабдықталған 123 автомобиль тіркеуде тұр. 78 Rolls-Royce, 32 Maybach, 12 Lamborghini және бір Bugatti Veyron сынды люкс санаттағы көліктер бар.

20170310121757

kolesa.kz сайтының мәліметіне жүгінсек, 1979 жылғы Rolls-Royce-тің құны 17 млн. теңгеден басталады. Ал 2016 жылы шыққан Wraith Sternenhimmel Traumkombination-тың құны 180 млн. теңге. Maybach – 17-60 млн. теңге, Lamborghini – 16 – 278 млн. теңгеге, 2014 жылғы Bugatti Veyron 1 млрд. 700 млн. теңгеге бағаланған.

Ретро-автомобильдерге қатысты 250-ден астам хабарландыру жарияланған. Мұндай стильдегі ескі көліктердің бағасы бірнеше миллион теңгеге дейін бағаланады. Мәселен, 1950-1960 жылдары шығарылған «Волга» және «Москвич» көліктері 150 мың теңгеден жоғары бағада тұр.

20170310121326

1964 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағасы -5,1 млн. теңге

20170310121409

1961 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағысы -5 млн. теңге

20170310121748

1958 жылғы Москвич 407, бағасы- 3,6 млн. теңге

20170310121752

1954 жылғы Москвич 401, бағасы -3 млн. теңге

20170310122050

Мұнымен қоса, 1948 жылғы «Победа»  ГАЗ 20 машинасы 6,5 млн. теңгеге ұсынылып отыр.

1911 жылғы Ford-тың бағасы 4,3  млн теңгеге бағаланған.

20170310122320

Ал 1952 жылы құрастырылған «ЗИЛ-110» автокөлігі үшін иесі 160 млн. теңге лайықты баға деген пайымға келген.

Жалпы, елімізде 4 млн. 425 мың 770 көлік құралы тіркеуде тұр. Оның ішінде 3 млн. 845 мың 301-і жеңіл автомобильдер. Осы арқылы 1 мың адамға шаққанда 250 көліктен келеді екен.

Талқылау