Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“КешYou” әншісі махаббаттан көңілі қалғанын айтты

Танымал қыздар тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет махаббаттан көңілі қалғанын жеткізді.

925999_775842982547159_718551532_n

Фото: instagram.com/akbotanur_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Ақбота Сейтмағамбет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі жаңалықтарымен бөлісіп отыратын-ды. Бойжеткеннің сурет салғаны болмаса, жазба жазуға құмартпайтын әдеті де бар.

Десе де, кезекті жазбасы тыңдармандарын екіұшты ойға қалдырды.

“Орындалмаған уәделер мен жасанды махаббаттың ортасында өмір сүргенше, жалғыз болған әлдеқайда артық”, – дейді Ақбота.

1

Әншіні осы уақытқа дейін жұрт “Алау” тобының солисімен, тіпті Әли Оқаповпен де қосқан болатын. Алайда әншінің махаббатта жолы болмаған сыңайлы.


Жіберіп алмаңыздар:

“Комедия для дур” фильмінде басты рөлді “KeshYou” солисі сомдайды

Су астында өнер көрсеткен KeshYou солисінің құлағы естімей, ауырып қалды

КешYOU мерейтойлық концерттерінде су астында өнер көрсетті (видео)

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Талқылау