Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Комедия для дур” фильмінде басты рөлді “KeshYou” солисі сомдайды

Асқар Ұзабаевтың кезекті туындысындағы басты рөл “KeshYou” солисі Ақбота Сейтмағамбетоваға бұйырды.

74748

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Режиссер Асқар Ұзабаев “Гламур для дур” атты кезекті туындысын түсіріп жатыр. Аталған туындыда басты рөлдердің бірін продюсер Баян Есентаева сомдамақ болған. Алайда соңғы оқиғаларға орай продюсерді тележүргізуші Әсел Ақбарова алмастыратын болды.

Есентаеваның өзі бой көрсетпесе де, ол жетекшілік ететін “KeshYou” тобының солисі Ақбота Сейітмағамбет фильмде басты рөлді сомдамақ.

Аталған туындының түсірілім жұмыстары маусымның 6-сында басталған. Фильм комедия жанрында түсірілмек. Режиссер лентаның Instagram желісінде танымалдылыққа қол жеткізгісі келетін адамдар туралы екенін айтады. Мұнымен қатар, сценарийді ешкімнің көңіліне тимейтіндей етіп жазбақ.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары Ақбота Сейтмағамбетованың кез келген рөлді алып шыға алатынын жеткізген. Мұнымен қатар, режиссерге қазақстандық фильмдердің тек “Алматыдан ауылға”, “ауылдан қалаға” сынды екі сценарий бойынша түсірілетінін айтып сынағандар бар.

1

Фото: instagram.com/askar567cl/

Ал фильмнің түсірілім жұмыстары 30 күнге созылады. Дәл қазір әртүрлі кастинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған туынды көрермендерге күзде жол тартпақ.

Фильмде Ақбота Сейтмағамбетовадан бөлек, Кентал мен Гүлнәр Силбаева да ойнауы мүмкін.

Асқар Ұзабаев осы уақытқа дейін “Ғашық жүрек”, “Махаббатым жүрегімде”, “Осторожно, корова!” сынды туындыларды дүниеге әкелген болатын.


Жіберіп алмаңыздар:

Маусым айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Шаһизада өз өмірі туралы фильм түсірмек

Талқылау