Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маусым айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz маусым айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

3

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Аңшылық маусымы: Қорқақ неме”

Жанр: аннимациялық

Режиссер: Дэвид Фейс

Рөлдерде: Уилляьм Таунсенд, Мелисса Штурм, Тревор Дивэлл, Гари Чок, Брайан Драммонд, Кэтлин Барр, Шеннон Чан-К

Мемлекет: АҚШ, 84 мин.

Эллиот бұғы мен Шұжық есімді ит Буга аюды ешнәрседен қорықпауға үйреткісі келеді. Жауыз қасқыр туралы аңызды естігелі бері аюдың ұйқысы қашқан-ды. Осыған орай, Эллиот пен Шұжық оған көмектеспек болып, қараңғы орманның ішімен серуендетеді. Орманда жүріп достар түрлі қызыққа тап болады. Аталған фильмді 2 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

2

“Бұлдыр елес-2”

Жанр: боевик

Режиссер: Джон М. Чу

Рөлдерде: Лиззи Каплан, Дэниэл Рэдклифф, Дэйв Франко, Марк Руфалло

Мемлекет: АҚШ, 115 мин.

Әлемнің ең үздік сиқыршылар командасы қайта бас қосты. Олардың сиқыры күшті болған сайын, дұшпандары да көбейіп келеді. Бұл жолы таразының бір шетіне олардың абыройы қойылмақ. Ал адал аттарын қалай қорғайтыны тек фильмді көрген жанға мәлім. Аталған фильмді 9 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

4

“Менің жігітім – киллер”

Жанр: боевик

Режиссер: Пако Кабесас

Рөлдерде: Анна Кендрик, Тим Рот, Энсон Маунт, Сэм Рокуэлл, Джеймс Рэнсон, Майкл Экпунд, Луис Да Сильва

Мемлекет: АҚШ, 95 мин.

Кендрик жігіттермен жолы болмаған әйелдің рөлін сомдайды. Ол өзіне барлық параметрі сай келетін жігітті тапқан кезде, қатты қуанады. Алайда оның қуанышының ғұмыры қысқа болып, көптеген қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Оның сүйіктісі  жалдамалы адам өлтіруші  болып шығады. Осылайша енді ғана қосылған ғашықтардың арасынан қара мысық жүгіріп өтеді. Аталған фильмді 2 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

5

“Жасөспірім мутант ниндзя тасбақалар: Жерастынан шығу”

Жанр: боевик

Режиссер: Дэйв Грин

Рөлдерде: Алан Ричсон, Меган Фокс, Стивен Амелл, Лора Линни, Уильям Фихтнер, Алессандро Амброзио, Брайан Ти

Мемлекет: АҚШ, 112 мин.

Ниндзя тасбақалары көп уақыт бойы халықтан қалалық канализацияда тығылып жүреді. Бірнеше жыл қатарынан Сплинтер ұстаз оларға соғыс өнерін үйретіп, еңбексүйгіштікке баулиды. Күндердің бір күнінде Шредерден Нью-Йорк қаласын қорғап қалу үшін жер бетіне шығуларына тура келеді. Батыл репортер Эйприл мен оның операторы Верннің көмегімен қарсыластарын тізе бүктіреді. Аталған фильмді 2 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

6

“Қаржы монстры”

Жанр: триллер

Режиссер: Джоди Фостер

Рөлдерде: Джулия Робертс, Джордж Клуни, Доминик Уэст, Катрина Балф

Мемлекет: АҚШ, 95 мин.

Фильм Уол-Стритті өзінің қаржылық кеңестерімен табысқа жеткізген Ли Гейтс туралы. Шоу көрермендерінің бірі Лидің сәтсіз кеңесіне құлақ асамын деп бар байлығынан айырылады. Артынша мұны қалай да қалпына келтірмек болады. Алданған адам Лиді кепілдікке алып, теледидардың екінші жағында отырған көрермендерге “Адам өмірінің құны қанша?” деп сұрақ қояды. Аталған фильмді 2 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

7

“Мінсіз өнер”

Жанр: триллер

Режиссер: Ренат Давлетьяров

Рөлдерде:  Анна Чиповская, Петр Федоров, Константин Юшкевич, Илья Любимов, Александр Яценко

Мемлекет: Ресей, 93 мин.

Бақытты ғұмыр кешіп жатқан Сашаның бір сәтте-ақ  өмірі өзгеріп шыға келеді. Ол өзінің сүйіктісінің мәйітін тауып, басы дауға қалады. Полиция оны басты күдікті ретінде іздестірсе, достары көмек қолын созудан бас тартады. Бойжеткен өзін не себепті кінәлап жатқандарын түсінбей дал болады. Бірақ ол берілер емес. Артынша бұл іске кімнің қатысы бар екенін өзі іздей бастайды. Аталған фильмді 9 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

9

“Дориді іздеу”

Жанр: анимациялық

Режиссер: Эндрю Стэнтон, Энгус Май Лэйн

Рөлдерде: Идрис Эльба, Кэйтлин Олсон, Доминик Уэст, Майкл Шин, Дайан Китон, Тай Бу

Мемлекет: АҚШ, 95 мин.

Доридің (балық) өзі дәрігер болса да, жазылмайтын ауруға шалдыққан. Уақыт өте келе жадын жоғалтып отырады. Су астында отбасынан адасып, артынша жақындарын табуға барын салады. Бұл мақсатына жету үшін оған барлық достары көмектеседі. Аталған фильмді 16 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

11

“Тәуелсіздік күні: Жандану”

Жанр: фантастика

Режиссер: Роланд Эммерих

Рөлдерде: Лиам Хемсворт, Джои Кинг, Майка Монро, Уильям Фихтнер, Шарлотта Генсбур

Мемлекет: АҚШ, 129 мин.

Жер шарының тұрғындары бөгдеғаламшарлық құрылғыларды пайдалана отырып барша адамзатты қорғайтын бағдарлама ойлап табады. Десе де, бұл бағдарламаның күші әлсіз болады. Бөгдеғаламшарлықтар Жерге басып кіріп, адамдарды жоя бастайды. Ал адамдар оларға қарсы тұрудың түрлі әдісін іздейді. Аталған фильмді 23 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

13

“Қарғыс-2”

Жанр: ужас

Режиссер: Джеймс Ван

Рөлдерде: Патрик Уилсон, Вера Фармига, Фрэнсис Коннор, Мария Дойл Кеннеди, Стерлинг Джеринс

Мемлекет: АҚШ, 122 мин.

Жас жұбайлар Энфильд қаласына қыдырып барады. Бұл жолы көріпкелдер перімен бетпе-бет кездеседі. Әлгі пері осы аймаққа қожалық етуді көздейді. Қала тұрғындары барлық жағымсыз оқиғаға бір-бірін айыптап, жек көріп кетеді. Аталған фильмді 16 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

14

“Соғыс алаңында-2”

Жанр: комедия

Режиссер: Николас Столлер

Рөлдерде: Хлоя Грейс Морец, Зак Эфрон, Роуз Бирн, Селена Гомес, Дэйв Франко, Сет Роген, Лиза Ку

Мемлекет: АҚШ, 91 мин.

Бұл жолы Мак пен Келлидің қасына университеттік әйелдер клубы көшіп келеді. Жас жұбайлар бұл көршілерінен құтылу үшін қас дұшпандарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Ол – Мак пен Келлиге бір кездері күн көрсетпеген Тедди Сандерс. Аталған фильмді 23 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.

15

“Әкемнің үйіндегі түскі ас”

Жанр: комедия

Режиссер: Мария Кравченко

Рөлдерде: Юрий Колокольников, Катерина Шпица, Валентин Пелка, Полина Максимова, Луиза-Габриэлла Бровина

Мемлекет: Ресей, 92 мин.

Бір қарағанда өзімшіл Саша Титовтың өмірі мінсіз көрінеді. Ол – жарнама агенттігінің табысты директоры. Мұнымен қатар, әріптесі Оксана Тарелкинамен көңіл қосқан. Күндердің бір күнінде Сашаның босағасына 10 жасар қыз келіп, оның өзінің әкесі екенін айтады. Алайда Алянаны өзімшіл әкесі көпке дейін қабылдай алмай жүреді. Аталған фильмді 23 маусымнан бастап барлық қазақстандық кинотеатрдан көре аласыздар.


Жіберіп алмаңыз:

Арман Дүйсенов оралмандар туралы комедиялық фильм түсіріп жатыр

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Головкин жайлы фильм көрермен назарына ұсынылды (видео)

Шетелдік фильмдерде Қазақстан қалай суреттеледі (фото)

Талқылау